Жамбыл облысында 5 мың ірі қараға арналған бордақылау алаңы салынып жатыр

3 мың басқа арналған бордақылау алаңы мен 5 мың басқа арналған шаруашылық-репродуктор құрылысы 5 млрд. теңгеге бағаланды. Оның 1,5 млрд теңгесі игерілді. 700,0 млн. теңгесі «ҚазаАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылды. Қалған қаражат көлемі өз есебінен «Сыбаға» , «Құлан» және «Алтын Асық» бағдарламалары арқылы жеңілдетілген несие арқылы алынды.
Жоба бойынша 20 мал өсіретін база салу жоспарланды. Қазір тоғыз базаның құрылысы аяқталып, екеуі салынып жатыр. Жұмысшыларға арналған тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 45 адам тартылды.
Бүгінде Ресей Федерациясынан 900 асыл тұқымды ірі қара мен 1 200 жылқы жеткізілді. Жыл соңына дейін 3 мың бас асыл тұқымды дәне мың бас ірі қара сатып алу көзделді.
Агрокешендер биыл іске қосылады деп жоспарланды. 200 тұрақты жұмыс орны ашылады деп көзделді.
«Агрофирма Түркпен» ЖШС-і алдағы уақытта сүт бағытындағы ірі қара малын әкеліп, сүт өнімдерін өңдеуді және ұсақ шаруашлықтардың кооперативін құруды жоспарлап отыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, жыл сайын жамбылдық шаруашылықтар орташа алғанда жүз мың тонна ет өндіреді. Асыл тұқымды мал санын арттыру үшін соңғы 3 жылда облысқа 2 730 аналық ірі қара жеткізілді.
Қазір облыста 18 мың ірі қараға арналған 20 бордақылау алаңы бар. Өткен жылы бордақылау алаңдарын салу бойынша жоспар 126,9% орындалды. 1,5 мың тоннадан астам сиыр еті өндіріліп, оларға 250,4 млн. теңге субсидия төленді.