Жамбыл облысында 50-ден астам адам тұратын барлық елді мекендер телефондандырылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2008-2011 жылдарға арналған телекоммуникациялық желілерді дамыту стратегиясы ауқымында «Қазақтелеком» АҚ-ның Жамбыл филиалы өткен жылы облыс бойынша қосымша 14 214 телефон нөмірін орнатты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Соның ішінде облыс қалаларында 7374, ауылдық жерлерде ? 6840 нөмір орнатылды. 2009 жылғы қаңтардың 1-іне 50-ден астам адам тұратын барлық елді мекендер толық телефондандырылды. 2009-2010 жылдары Мерке және Тұрар Рысқұлов аудандарының телекоммуникация желілері толық жаңартылмақ. Бұдан басқа Қордай ауылында мультисервистік қолжетімдік желі 780 номерге ұлғайтылады, Шу және Қордай аудандарының бірқатар елді мекендерінде телефон стансылары жаңғыртылады.
Соңғы жаңалықтар