Жамбыл облысында 6 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы түлектерінің емтихандары ұйымдасқан түрде, тыныш өтіп жатыр, деп мәлімдеді облыстық білім басқармасында.
None
None

2014-2015 оқу жылын бітірген 8879 түлектің 6003-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тілек білдірген. Бұл 67 пайызды құрап отыр (2014 жылы түлектердің 72 пайызы ҰБТ тапсырған).

Биыл облыста «Алтын белгіге» 235 түлек, үздік аттестатқа 68 түлек үміткер болып отыр. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 70 пайызға жуық түлек өз білімдерін дәлелдеді.

ҰБТ-ның алғашқы күнінде №45 классикалық гимназия оқушысы Ердосова Гүлназ ең жоғары балл - 125 балға қол жеткізді. Оның айтуына қарағанда, оқушы екі жыл бойы ұстаздары мен ата-анасының көмегімен ҰБТ-ға дайындалған. Болашақта ол дәрігер болуды жоспарлап отыр.

Облыстық білім басқармасында атап өткендей, ҰБТ пункттері бақылау камераларымен, мобильді байланысты өшіру құралдарымен, т.б. қажетті жабдықтармен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар