Жамбыл облысында 87 этнос өкілі тұрады (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл өңірінде 87 этнос өкілдері мекен етеді.
None
None

Жамбыл облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясы 1995 жылы құрылып, қазірде оның шаңырағының астында 25 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Ежелгі Жамбыл өңірінде осында халықтың қалай пайда боғаны жайлы Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова әңгімелеп береді.

«Жамбыл облысында көптеген ұлт өкілдерінің мекен етуі - жүзжылдықтардың жемісі, - деді Л. Лысова. - Ежелден бері Тараз көп ұлтты, көп конфессиялы ел екеніне тарих куә. Бұл жерде Ұлы Жібек жолының маңызды учаскесі түйісуінің арқасында Таразға қазақтар, өзбектер, славяндар, византиялықтар мен басқа да көптеген ұлттар қоныс тепті. Көпестер әр елден келді. Тараз қаласында қазба жұмыстарымен айналысып жатқан белгілі қазақстандық археолог Карл Байпақов айтқандай, толеранттылық қазақ халқының қанында бар қасиет».

«Президент Жарлығы шыққаннан кейін облыстарда шағын ассамблеялар құрыла бастады. Уақыт көрсеткендей, мемлекет пен этностың өзара әрекетінің сәтті нысаны қалыптасты. Халықтардың мәдени жандану, тұрақтылық пен жалпыұлттық келісімді қамтамасыз ету, этномәдени даму мен интеграция үрдісі мемлекеттің қолдауына ие болды.

Біз - Қазақстан халқымыз! Еліміздің бірегейлігі де осында. Біз бір халық, бір ел, бір тағдырмыз. Елбасы айтып өткендей, бүгінде Қазақстан - әлемдегі ең қауіпсіз елдердің біріне жатады, біз әлемге тұрақтылықтың, шыдамдылықтың, қоғамдық нығаюдың үлгісі бола аламыз», - деп сөзін түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар