Жамбыл облысында Ақсу өзеніне батып кеткен жеңіл көліктің жолаушыларын іздестіру қайта басталды

ТАРАЗ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 5 қаңтар күні Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен жеңіл көліктің жолаушыларын іздестіру жұмыстары қайта жанданды, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Туыстардың хат арқылы жазған өтініші бойынша 19 ақпан күні таңғы сағат 5-те Тараздан Жамбыл облыстық ТЖД-нің «Судан-құтқару қызметі» ММ-нің 8 адамнан құралған сүңгуірлік апатты-құтқару жасағының тобы жұмыстарды қайта бастау үшін шықты. Іздеу жұмыстары сағат 8:30-да Ақсу өзенінің арнасымен басталды, сағат 13.55-те оқиға орнынан бес шақырым жерде сүңгуірлер жоғалған адамдардың бірінің мүрдесін тапты», - делінеді ведомствоның баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Volkswagen Bora» маркалы көліктің екі жолаушысы - Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны А.Садыров пен Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның 23 жастағы тұрғыны К.Сартбаева 5 қаңтар күні көліктерімен Шу ауданындағы Ақсу өзеніне құлап кетіп, із-түссіз жоғалды. Көліктің жүргізушісі мен оның басқа екі жолаушысы аман қалды.

Соңғы бірнеше аптаның ішінде өзен учаскесінің шамамен 1,3 шақырымында облыстық ТЖД-нің құтқарушылар тобының, Шу аудандық ІІБ-нің жеделшілері, жергілікті тұрғындар мен жоғалып кеткендердің туыстары жүргізген іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғастырылуда, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар