Жамбыл облысында әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты келісім қабылданды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Таразда облыс әкімдігі, жұмысшылардың және жұмыс берушілердің бірлестіктері арасында 2009-2010 жылдарға арналған еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселелері бойынша келісім жасасу жөнінде кеңес болып өтті.
None
None
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне аймақ әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 2007 жылғы наурыздың 15-інде қол қойылған мұның алдындағы келісім қолданысының кезеңі ішінде облыстық үшжақты комиссияның 12 отырысы және 105 аймақтық отырысы болып, экономика, еңбекке ақы төлеу, еңбекпен қамту, еңбек жағдайлары, кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету мәселелері талқыланды. «Әлеуметтік әріптестік нәтижесінде облыста белгілі-бір тұрақтылыққа қол жеткізілді, ? деді облыс әкімі Бөрібай Жексембин. ? Еңбек нарығындағы жағдай халықтың экономикалық белсенділігінің өсуімен сипатталады, олардың саны 2008 жылдың 4-інші тоқсанында 566,4 мың адамды құрады, ол 2007 жылға қарағанда 0,6 пайызға артық». Тараптар экономиканы тұрақтандыруға және жұмысшыларды әлеуметтік қорғауға, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға, еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге, еңбек көші-қонының міндеттерін шешуге бағытталған іс-шаралардың кешенін әзірлеу бойынша шаралар қабылдауға уағдаласты.
Соңғы жаңалықтар