Жамбыл облысында Алматы-Шымкент тас жолында өңірдегі алғашқы кемпинг ашылды
Әкім ауданның бірқатар маңызды нысандарын аралады.
Жаңатұрмыс округіндегі Ақшолақ стансасында Жамбыл облысындағы алғашқы кемпинг ашылды.
Екі қабатты «Тау Дос» қонақүй кешенінде 25 номер, 120 орындық автотұрақ, дәмхана бар. Бұл Алматы-Шымкент тас жолындағы жолдан шаршап келген жүргізушілерге өте қолайлы. Кемпингте 45 адам жұмыс істейді.
Жобаны іске асыру үшін 2014 жылы «Тау Дос» ЖШС «БЖК-2020» бағдарламасының аясында «Тараз» ӘКК-ден жеңілдікпен субсидия алды.
Сондай-ақ, өңір басшысының қант қызылшасын (сапасы өте жақсы деп бағаланған) өсіретін «Талап» шаруашылық қожалығына барғаны хабарланды. Осы жылы шаруашылық мемлекеттен 16,7 млн. теңге қолдау алған.
Жамбыл облысының әкімі ауданның білім беру, медициналық мекемелеріне барды, Байқзақ ауданы, Мырзатай ауылында 60 орындық туберкулез ауруханасының ғимараты салынуда. Құрылыс құны - 1, 16 млрд. теңге.
Таяуда Байзақ ауданында «Әулие-Ата Феникс» құс фабрикасы ашылады. Облыс әкіміне жаңа жабдықтар көрсетілді. Өндіріс ашылғанда 100 жаңа жұмыс орны пайда болады.