Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолында көліктер жанып кетті, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

ТАРАЗ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолында көліктер жанып кетті, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Бұл туралы Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Мерке ауданында «Мерке-Шу-Бурылбайтал» тас жолының 50-інші шақырымында «Газель» мен «Тойота» көліктері соқтығысып, екеуі де жанып кетті», - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, жол-көлік апатында үш адам оқиға орнында қаза тапты, оның ішінде «Тойота» көлігінің 38 жасар жүргізушісі, 10 жасар бала мен көлік ішінде болған 35 жасар әйел бар.

«Газель» көлігінің 23 жасар жүргізушісі мен «Тойота» көлігінің жолаушылары - бес және сегіз жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.

Өрт пайда болғаннан кейін екі сағат өткен соң ауыздықталды, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар