Жамбыл облысында ардагерлерге пәтер берілді

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген мемлекеттің қамқорлығы ешқашан толастамауға тиіс. Осы орайда Жамбыл облысында аталған санаттағы ардагерлер де сый-құрметтен тысқары қалған жоқ, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Мәселен, Тараз қаласында 3675 зейнеткер болса, оның 167-сі - соғыс ардагері. Олардың қоғамдық көліктерде тегін жүруі қамтамасыз етіліп, коммуналдық шығындарына жеңілдіктер жасалып, шипажайларда емделуге жолдамалар беріліп, демеушілік көмектер көрсетіліп тұрады. Сондай-ақ, 2011 жылы - 24, өткен жылы жеті ардагер пәтермен қамтамасыз етілді.

Биыл да осы игі дәстүр өз жалғасын тапты. Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков 13 ардагерді баспаналы болуымен құттықтап, әрқайсысына пәтер кілттерін табыс етті. Өз кезегінде ардагерлер де мемлекет қамқорлығын сезініп жатқандығын айтып, алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар