Жамбыл облысында ас тұзын өндіретін зауыт салынуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ас тұзын өндіретін зауыт құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Сарысу ауданының әкімі Бейбітбек Жайлыбаев мәлім етті.

Салынатын нысан «Асыл тұз компаниясы» кәсіпорнының ас тұзын өндіру зауыты. Оған 422,1 млн теңге инвестициялық қаржы жұмсалады. Онда 75 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 50 мың тонна ас тұзы әзірленуі көзделіп отыр. Зауыттың құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар, аудан осы екі жобамен шектеліп қалмай инвестициялық жобаларды іздестіріп, оны өндіріске енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Аудан аумағындағы тұз кендеріндегі ащы суларды пайдалану негізінде химиялық қоспасы бар құбыр мен үй асханасында қолданатын тазартқыштар шығаруды  жоспарланған жобаның құны 230,0 млн теңге.

«Қазақсода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жылына 400,0 мың тонна кальций содасын өндіретін зауыт жобасы. Жобаның жалпы құны - 250 млн доллар, 250-300 адамға жұмыс орыны ашылады. Бұл жобалармен бірге азық-түлікпен қамту, жұмысшыларға арнайы киім тігу, көлік және басқа қызмет түрлері қарқынды дамитын болады»,- деді Б.Жайлыбаев. 

Соңғы жаңалықтар