17:01, 17 Ақпан 2017 | GMT +5
Жамбыл облысында әскерилердің жаттығуы кезінде қар көшкіні түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Көксай шатқалында қар көшкініне қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

«Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні орын алды», - делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдай комитетімен бірлесіп іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықта қолбасшының басшылығымен жедел штаб құрылды, жүргізілген жұмыстар жайлы егжей-тегжейлі ақпарат қосымша хабарланады.