Жамбыл облысында ауылдық клуб жанып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өңірде өткен демалыс күндері бірқатар өрт оқиғалары тіркелді, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Сонымен, Талас ауданының Көшек батыр ауылында 11 қаңтарда Ұлбике ақын атындағы мәдени орталықтың ғимараты жанып кетті. Түн ортасында сахна мен 150 орындық көрермен залы отқа оранды, жалын 200 шаршы метр алаңды шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті Көшек батыр ауылынан 90 шақырым жерде орналасқан Талас ауданының Ақкөл ауылындағы ӨБ-2 бөлімшесінің қызметкерлері бес сағат ішінде ауыздықтады.

Таразда көп қабатты үйлердің бірінің кіреберіс есігі өртеніп, «Төңкеріс» көп қабатты үйінің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Қауіпсіз жерге шығарылған 35 адамның 15-і балалар. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Бұдан басқа Таразда құрылыс жүріп жатқан аумақта құрылысшыларға арналған вагон өртке оранды, жалын 30 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Нысан иесі өрттің шығу себебі мен материалдық шығынды анықтауда, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
telegram