Жамбыл облысында ауылшаруашылығы саласын дамытуға қатысты меморандумдар қабылданды

Семинардың мақсаты Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыруға қатысу, өңірдегі бизнес пен ауылшаруашылығы саласын дамыту мәселелін талқылау және шешу болды. Сонымен қатар бизнес өкілдеріне қолайлы ивестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды және жергілікті атқарушы органдар тарапынан инвесторларға көрсетілетін қолдауларды түсіндіру міндеті қойылды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бірлесе атқарылатын жұмыстарға бизнестің қызығушылығын арттыру да басты назарда болды.
Семинар-кеңеске Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Есеналиев, Сарысу ауданының әкімі Б.Жайлыбаев, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары О.Көкей, Бизнесті қолдау, қаржыландыру институттарының Жамбыл облыстық филиалдарының өкілдері, екінші деңгейлі банктер филиалдарының өкілдері, шағын және орта бинес жетекшілері, Сарысу ауданынан шыққан белгілі кәсіпкерлер, аудандық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік қауымдастығының белсенділері, мемлекеттік органдар басшылары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудан кәсіпкерлері қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша егістік алқаптарын тамшылап суару технологиясын енгізу, мал бордақылау алаңы салу, тауарлы-сүт фермаларын ашу жөніндегі екіжақты меморандумдар қабылданды. Семинар-кеңес аяқталғаннан кейін қаржыландыру институттары екінші деңгейлі банктердің өкілдері тарапынан аудан кәсіпкерлерін жеке қабылдау ұйымдастырылды.