11:29, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында автожолдың жиегінен авиабомба табылды
АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Жамбыл облысына қарасты Пригородное елді мекенінің тұрғындары жол жиегінен авиациялық бомба тауып алып, оны аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бомбаның ұзындығы - 1 метр, диаметрі - 20-25 миллиметр. Жарылғыш затты ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері жару арқылы жоюға алды.