Жамбыл облысында азық-түлік өнімдерінің өндірісі өсіп келеді

РАЗ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында азық-түліктік өнімдердің өндірісі өсіп келеді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасында.
None
None

«Азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету көбінесе ауылшаруашылық өндірісінің көбеюіне байланысты», - деп астын сызып тұрып айтты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Асылбеков.

Ауыл шаруашылығы ведомствосы жетекшісінің айтуынша, 2011 жылы аймақта ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі өсуінің тұрақты үрдісі байқалып жатыр.

2011 жылы майлы дақылдар 78 мың гектар аумаққа егілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға көп. Көкөніс-жемістері мен бақша дақылдары 26,5 мың гектарға көп (2010 жылға қарағанда 3,3 мың га көп). Ет өнімдері таза салмақта қараша айының басында 71,5 мың тонна болды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1,4 мың тоннаға көп, сүт - 242,5 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 мың тоннаға көп, жұмыртқа - 1,105 млн. дана болды, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында.

«Облыста жылыжайлардың саны да артып келеді. Биыл 1500 тонна өнім шығаратын 304 жылыжай жұмыс істеуде. Олар халық қажеттіліктерінің 30 пайызын қамтамасыз етеді», - деді М.Асылбеков.

Соңғы жаңалықтар