Жамбыл облысында бала туудан дұңған ауылдары көш бастап тұр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында дұңған диаспорасы тұратын Қордай ауданы облыстың басқа аудандарына қарағанда бала туу көрсеткіші жағынан алда келеді.
None
None

Бұл деректі облыстық статистика департаменті келтіріп отыр.

Жыл сайын Қордай, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында орташа есеппен мыңнан аса бала дүниеге келеді. Ауданда бала туудың жалпы коэфициенті мың адамға шаққанда 30 және одан көп баланы құраса, Жамбыл облысы бойынша 23 нәрестені құрайды.

"Қордайлықтар облыс халқының санын көбейтуде көш бастап тұр. Әсіресе дұңғандық ауылдарда бала туу көрсеткіші жоғары", - деді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Гуонлён» жастар дұңған орталығының төрағасы Рашид Бакиров. - Бүгінде жаңа мектептер, бала бақшалар, спорттық-сауықтыру құрылыстарын салу, жолдар құрылысы әлеуметтік және өзге проблемаларды тиімді шешуге ықпал етуде». Оның айтуынша, дұңғандарда бала көп болған сайын, отбасы берекесі арта түседі деген наным-сенім қалыптасқан. Әрбір дұңған отбасында төрт және одан көп бала тәрбиеленуде. Масаншы, Сортөбе ауылдарында тұрындардың жалпы саны 12-ден 16 мыңға дейін болса, соның 90 пайызы дұңғандар, 600-ден астам батыр аналар бар, - деді Р. Бакиров. "Орталық Азияда 130 мыңға жуық дұңғандар бар, олардың көпшілігі Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда тұрады. Қазақстан аумағында 50-60 мыңнан астам дұңған мекен етеді, олардың ата-бабалары Шэньси, Ганьсу қытай аймағынан, ХIХ ғасырда Манжұр-қытайлық Цин династиясының қысымынан қашып келген босқындар, - деді Р. Бакиров. - Қазақстан аумағына ең алғаш рет дұңғандар қордайлық Сортөбе, Масаншы ауылдарына қоныстанды. Қазақстанның қазіргі дұңғандары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өз халқының салт-дәстүрін сақтауға тырысып келеді, сондай-ақ біздің елдегі қазақтар, орыстар және басқа да халықтардың дәстүрлерін қабылдады". Жамбыл облысында бүгінде Қазақстандағы дұңған диаспорасының ең көп бөлігі 30 мыңнан астамы мекен етеді.

Соңғы жаңалықтар