20:59, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында бір күн ішінде 400 жол жүру ережесін бұзу оқиғасы анықталды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы аумағындағы жолдарда апаттың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шараның алғашқы күнінде полицейлер 400-ге жуық жол жүру ережесін бұзған оқиғаларды анықтады. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінде хабарланды.
Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізген жеті, жылдамдықты арттырған - 115, жолдың қарсы белігіне өту бойынша - 11, апатты жағдай тудырған - 2, көлікті құжатсыз жүргізген 11 жағдай және 7 машинаның терезесін тұмшалап алып жүргендігі анықталды. Сонымен қатар, жүзден астам жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағандары үшін жауапкершілікке тартылады.
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілген рейдтік алдын алу шарасын полиция қызметкерлері «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен, Тараз қаласы ІІБ ардагерлер кеңесі және жастар ұйымдарының қауымдастығымен бірлесе өткізіп отыр.
Жедел мәліметтер бойынша, осы жылдың төрт айы ішінде Жамбыл облысында 79 адам қаза тауып, 171 адам жарақат алған 133 жол көлік оқиғалары тіркелген.