Жамбыл облысында бір жасар қызын тастап кеткен бүлдіршіннің анасы табылды

Еске сала кетейік, 15 ақпан күні 70 жастағы аудан тұрғыны үйінің алдындағы кіреберіс қақпаға белгісіз біреу бір жасар бүлдіршінді тастап кеткен. Бүлдіршінді қалдырған жерге заттармен бірге пакет және хат жазып қалдырған. Онда «Қыздың есімі Зере, жасы бір жас үш ай. Бір ай қарап берсеңіздер, сосын алып кетемін» деп жазылған.
Полиция қызметкерлері дүкенде орнатылған видеобақылау камерасын тексеріп, онда бала көтеріп келе жатқан азиялық 30-35 жастағы әйелдің түсіп қалғанын анықтады.
Қыз баланы Меркі ауылындағы Орталық аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне жеткізген.
"18 ақпанда бір жасар сәбидің анасы - Меркінің 34 жастағы тұрғыны табылып, Меркі аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ол қаладан шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.