Жамбыл облысында бір жасар сәбиді зейнеткердің үйінің жанына тастап кеткен

«15 ақпанда, сағат 22.00-лер шамасында Меркі ауданы ІІБ кезекші бөліміне 70 жастағы кент тұрғынынан хабарлама түскен, ол үйінің алдындағы кіреберіс қақпаға белгісіз біреу бір жасар бүлдіршінді тастап кеткенін айтқан, - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер кіреберіс қақпа маңында бір жасар сәбидің отырғанын көреді. Ол сұрақтарға дұрыс жауап беріп, есімі Зере екенін айтқан.
Полиция анықтағандай, баланы өтініш берушінің әйелі көрген, ол баланың жылағанын естіп, аулаға шыққан. Оны кім тастағанын байқамаған. Бүлдіршінді қалдырған орында заттармен пакет және хат қалдырған, онда «Оның есімі Зере, жасы бір жас үш ай. Бір ай қарап берсеңіздер, сосын алып кетемін» деп жазылған.
Қызметкерлер дүкенде орнатылған видеобақылау камерасын тексерді, онда бала көтеріп келе жатқан азиялық 30-35 жастағы әйел түсіп қалған.
Қыз баланы Меркі ауылындағы Орталық аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне жеткізді, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ, - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметі.