Жамбыл облысында бірқатар лауазым иелері жауапқа тартылды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
None
None
«Тараз қаласы және аудан әкімдері жанынан құрылған бірыңғай тәртіптік комиссияларының жұмысында әлі де кемшіліктер орын алуда. Осы орайда Тәртіптік кеңес Тараз қаласы және аудан әкімдеріне осы бағыттағы бақылауды күшейтуді және тәртіптік комиссиялардың жұмысын жандандыруды ұсынды,-делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінде. Т.Рысқұлов ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша Тереңөзек ауылдық округінің әкімі М.Мұсаев мемлекеттік сатып алу кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына кедергі келтірген. Тәртіптік кеңес М.Мұсаевты сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылығы үшін қызметінен төмендету түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынды. Бұдан бөлек, Байзақ ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығының» директоры А.Сқақовтың да жұмысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасалғаны тәртіптік кеңес отырысында қаралды. А.Сқақов жұмыспен қамту саласында өз міндеттеріне немқұрайды қарап, бюджеттік қаржыны жауапсыз және тиімсіз пайдаланған. Тәртіптік кеңес оны сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылығы үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынды. Тәртіптік кеңес хатшылығының жоспарлы тексеруі кезінде Жамбыл облысы білім саласындағы бақылау департаментінің қызметінде бірқатар заң бұзушылықтар бар екені анықталды. Мемлекеттік қызметшілерді оқуға жолдау, тәртіптік жазаға тарту ережелерін бұзу, конкурстық комиссия жұмысындағы кемшіліктермен қатар, кәмелетке толмаған екі баласы бар жалғызбасты ананы қысқартып жіберген. Уәкілетті органның ұсынысына қарамастан аталған ана жұмысқа қайта қайтарылмаған. Тәртіптік кеңес А.Ағыбаеваға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды және заңсыз қысқартылған қызметкерді дереу жұмысқа қайта алу туралы ұсыныс жасады.
Соңғы жаңалықтар