Жамбыл облысында егін орағы басталды

Рысқұлов ауданында 31 мың гектар алқапта күздік бидай жиналуы, сондай-ақ 47,3 мың гектарға бидай егілуі тиіс. Ауданның егін алқаптарында 177 комбайн, 80 трактор, 169 жүк автомашиналары іске қосылды.
Рысқұлов ауданындағы ірі агроқұрылымдардың бірі «Луговой жылқы зауыты» ЖШС 3,8 мың гектар күздік бидай мен 7,5 мың гектар арпаны оруда. Дәнді дақылдарды жинауда шаруашылық 13 «Джон-Дир» жаңа жоғары өнімді астық жинау комбайндарын қолдануда, оны серіктестік 496 млн. теңгеге сатып алған болатын.
Қордай ауданында он агроқұрылым 8,4 мың гектар күздік бидай мен арпаны жинауға алғашқылардың бірі болып кірісті. Ауданда барлығы 42,3 мың гектар алқаптың дәнді дақылдары жиналып алынуы тиіс.
Қордай алқабында 214 комбайн, 582 трактор тіркемесі және 382 автокөлік құралдары жұмылдырылмақ.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, биылғы жылы Жамбыл өңірінде 246,4 мың гектар алқаптың жазға дәнді дақылдары жиналып алынатын болады. Егіс даласына 6 199 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары шығады, шілде-қыркүйек айларына 16 мың тонна дизель отыны бөлінген. Жаңа егіннің астығын қабылдауға астық алаңдары мен қоймалары толық әзір, олар зиянкестерге қарсы бұқырлаудан өткізілген.