Жамбыл облысында электр энергиясының бағасы арзандады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 1 сәуірден бастап Жамбыл облысында электр энергиясының бағасы арзандайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен.
None
None

«1 сәуірден бастап ГРЭС-1 электр энергиясының жіберу құнының 1 кВт-ына 8,80 теңгеден 8,65 теңгеге арзандауына байланысты электр энергиясының бағасы төмендетіледі, - делінген хабарламада. - Сәйкесінше, біздің департаменттің баға сараптамаларының нәтижесі бойынша «ТОО «ЖамбылЖарықСауда-2030» бөлшек энергиямен қамтамасыз ету қызметтерінің де тарифтері арзандады».

Бұдан бөлек, АҚ «KEGOK» 1 сәуірден бастап электроэнергияға жіберу құнын 1 кВт-ға 1,954 теңгеден 1,943 теңгеге дейін арзандатып отыр. Осыған байланысты, ҚҚС-ны есептемегенде, «Жамбыл электр желілері» ЖШС электроэнергияны тарату және бөлу бойынша қызмет құнын 1 кВт-ға 5,35 теңгеден 5,32 теңгеге дейін арзандатты.

Соңғы жаңалықтар