Жамбыл облысында еліміздегі ең ірі «Тымлай» титан магнетит кен орнын игереді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет экспортқа бағытталған титан диоксидін және кремний диоксидін өндіретін жоба іске асырылмақ.
None
None

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның екі облысында тау кен-химия-металлургия кешендерін -Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Тымлай» титан магнетит кен орны базасында кен-байыту комбинаты, сондай-ақ Павлодар облысындағы «Павлодар ЕЭА аумағында химия-металлургия комбинаты құрылыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«TENIR-LOGISTIC» ЖШС, Жамбыл және Павлодар облыстарының әкімдіктері «China Machinery Engineering Corporation» және «China Metallurgical Group Corporation» арасында төрт жақты меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар