Жамбыл облысында есірткінің ірі тобын жеткізетін бір арна жабылды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Өткен демалыс күндері Жамбыл облысының түзету мекемесінің қызметкерлері мен аймақтың ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлерінің біріккен күшімен режимдік нысандардың біріне әкелінетін есірткі заттарының ірі тобының бір арнасы жабылды, деп хабарлады ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметінде.
None
None

Құқық қорғау қызметкерлерінің білгір қимылдарының нәтижесінде қатаң режимді колонияның аймағында Тараз қаласының екі тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында олардан есірткілік заттар табылды.

Сот-химиялық сараптау табылған заттардың жалпы салмағы 7 килограмм болатын гашиш және марихуана екендігін анықтады.

Жыл басынан бері ҚАЖ-нің қызметкерлерімен есірткілік заттарды алып өтіп, оларды бостандықтан айыру мекемелеріне табыстауға әрекет жасағандардан 120 килограмнан астам түрлі есірткілік заттар анықталды. Есірткіні тасымалдау әрекеті үшін 60-тан астам азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, - деп атап өтті ІІМ ҚАЖК-де.

Соңғы жаңалықтар