Жамбыл облысында газ-ауа қоспасы жарылып, бір тұрғын жапа шекті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Тараз ауданы Қаратау қаласында газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметінде.
None
None

«Қаратау қаласында екі қабатты 8-пәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды, өрт шыққан жоқ, - деп хабарлады ведомство. - 4 шаршы метр алаңда ішінара төбе сылақтары құлады. Салдарынан 40 жастағы пәтер тұрғыны 40 пайыз термикалық күйікпен Орталық аудандық ауруханаға жеткізілді». 

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі мен авариялық-құтқару қызметі жеке құрамынан 5 адам жетті, деп нақтылады облыстың ТЖД.
Болған оқиғаның себебі мен материалдық шығын анықталуда.

Соңғы жаңалықтар