Жамбыл облысында ірі құрма партиясынан зиянкес табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Қырғызстаннан әкелінген бұзылған құрма партиясы табылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 
None
None

«4-5 қараша күндері Жамбыл облысының Қордай және Жамбыл аудандарында жүргізілген карантиндік фитосанитариялық тексеру барысында ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық өңірлік инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары тағы да карантиндік зиянкестерді анықтады. Қырғызстаннан әкелінген 47,9 тонна құрмадан Комсток сымыры, 20 тонна құрғақ жеміс партиясынан шығыс жеміс көбелегі табылды», - делінген хабарламада.

Еуразиялық экономикалық одақтың өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты аталған карантинге жатқызылған өнімдер Қырғызстан Республикасының аумағына қайтарылды. Ағымдағы жылдың басынан бері Қырғызстан Республикасынан әкелініп жатқан карантинге жатқызылған өнімдерден 21 рет шығыс жеміс көбелегі, 14 рет Комсток сымыры табылған.

Соңғы жаңалықтар