Жамбыл облысында ішкі және халықаралық туризмді дамыту үшін бәрі бар

ТАРАЗ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ішкі және халықаралық туризмді дамыту үшін бәрі бар, деп мәлімдеді Қазақстандық туристік қауымдастықтың экотуризм қор орталығының жетекшісі Айгүл Исағұлова.
None
None

Оның пікірінше, Қазақстанның бірде-бір аймағы Жамбыл облысы сияқты тарихи және археологиялық ескерткіштерге, табиғи аумақтарға бай емес.

Жамбыл облысында туристік кластерді 2014 жылға дейін құру және дамыту бойынша жоспарды іске асыруға кірісті. Жақында Үкіметте болған кеңес барысында Жамбыл облысындағы туризмді дамытуға жүйелі түрде кірісудің позитивтік тәжірибесі атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні Қызғалдақтар фестивалі өтіп, соның аясында Таразда шығармашылық байқау болды. Жуалы ауданының Берікқара шатқалындағы бәйшешек бағыттары бойынша ақпараттық тур ұйымдастырылған. Қазақстандық туристік компаниялардың өкілдері «тау самалы» туристік кешенінде болды.

Жамбылдық фестивальдің ұйымдастырушылары оны жыл сайын өткізуді жоспарлап, отандық фирмаларды ішкі туризмді дамытуға тартуды ғана емес, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауды міндет етуде. Жамбылдық аймақ аумағында өсіп жатқан Кауфман және Грейг қызғалдақтарының сирек кездесетін түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар