Жамбыл облысында қар көшкіні астынан тағы 6 жауынгер құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қар көшкіні астынан тағы 6 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Құтқарылғандардың саны 10-нан 16 адамға жетті», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы Көксай шатқалында орын алған қар көшкініне қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасаған еді. Онда: «Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні  орын алды», - делінген. 

Сәл кейінірек, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қар көшкіні астынан 10 адам құтқарылып, 7 адамның мүрдесі табылғанын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар