Жамбыл облысында карантин режимі күшейтілді

Атап айтқанда, 14 маусымнан бастап:
- облыстың елді мекендері ішінде және елді мекендер арасында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында халықтың жүріп-тұруы шектеледі
- Тараз қаласында қоғамдық көлік сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін қатынайтын болады. Қоғамдық көлікке тек жеке қорғау құралдарымен кіруге рұқсат
- әлеуметтік арақашықтықты және маска режимін сақтай отырып, саябақтарға, алаңдарға және скверлерге сағат 06.00-22.00 аралығында баруға рұқсат.
Сондай-ақ келесі нысандардың жұмыс уақыты өзгереді:
8:00-ден 16:00-ге дейін:
- базарлар
- азық-түлік емес дүкендер
8:00-ден 18:00-ге дейін:
- сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сату орындары
8:00-ден 22:00-ге дейін:
- азық-түлік супермаркеттер және дүкендер
- ветеринариялық дәріханалар мен клиникалар
9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары
9:00-ден 17:00-ге дейін:
- екінші деңгейлі банк бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ, айырбастау пунктері, микроқаржы ұйымдары
10:00-ден 18:00-ге дейін:
- автосалондар
- қосалқы автобөлшектерді сататын дүкендер
- дезинфекциялау құралдарын сату бойынша мамандандырылған дүкендер мен қоймалар
- ауыл шаруашылығы техникасы, өсімдіктерді қорғау құралдары, тыңайтқыштар, тұқымдар (көшеттерге) және құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектер бойынша сауда-саттық орындары
- сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша)
- азық-түлік қоймалары
- тұрмыстық техника дүкендері
- техникалық жөндеу орталықтары, автожуу
- оптика салондары (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері және дүңгіршектер
10:00-ден 20:00-г дейін
- қоғамдық тамақтану объектілері (50 орыннан артық емес)
- ЅРА және фитнес-салондар, спорт кешендері
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялардың қызметіне штаттың кемінде 50 пайызын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыра отырып рұқсат етілген.
Төмендегі нысандардың жұмысына тыйым салынады:
- аумағы 2000 ш. м. асатын сауда орталықтары
- түнгі клуб, дискотека;
- қоғамдық монша, сауна, бассейндер;
- сауда, ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңдары;
- ойын-сауық орталықтары, фудкорттар, кинотеатрлар;
- компьютерлік және ойын клубтары;
- балаларға арналған сауықтыру лагерлері;
- діни ұйымдар (мешіттер, шіркеулер, храмдар және т. б.);
- орын саны 50-ден асатын қоғамдық тамақтану нысандары
- концерт залдары, цирк қойылымдары;
- автомобиль және мал базарлары