Жамбыл облысында қарындасын зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігімен (көрінеу жас баланы зорлау) айыпталып сотқа берілген А-ға қатысты қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, А. 11.01.2016 жылы, сағат 23:00 шамасында, Тараз қаласыда, өзінің қарындасы жас бала Б-ның өз төсегінде ұйықтап жатқанын көріп, соңғының көрінеу жас бала екендігін біле тұра, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық қатынасқа түсуге қылмыстық пиғылы туындаған. Содан А. өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында және Б-ның бөлмесінде өзінен басқа ешкімнің жоқтығына көзі жетіп, жас бала Б-ны еркінен тыс зорлаған.

Соттың үкімімен  А. ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігімен (көрінеу жас баланы зорлау)  кінәлі деп танылып,  оған балаларды тәрбиелеумен болмаса олармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырумен 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы түзеу колониясының ерекше режимінде өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар