08:54, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында қаржы полициясына жаңа басшы тағайындалды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жаңа басшы тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттік төрағасы қаржы полициясының генерал-майоры Қ.Қожамжаровтың бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып подполковник Қайрат Бижанов тағайындалды. Қ.Бижанов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары болған.