Жамбыл облысында қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін елемейтін мыңнан астам жүргізуші анықталды

ТАРАЗ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының жол полицейлері «Қауіпсіздік белдігі» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындыларын шығарды.
None
None

Операцияны өткізу күндері жол полицейлері Жамбыл облысының аумағында Жол қозғалысы ережелерінің 1 153 бұзушылығын анықтап, алдын алды, деп хабарлады жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Бұзушылықтар арасында көлікті мас күйінде жүргізудің - 22, жылдамдықты асырудың - 288, жолдың қарсы бетіне шығудың - 17, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды қолданудың 42 фактісі бар. Бұдан басқа, 380 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағандары үшін жауапқа тартылатын болады. Айыппұл тұрағына 59 көлік жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар