Жамбыл облысында қазақстандық қамту мәселесі талқыланатын болады

Онда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігімен және облыстық әкімшілікпен бірлесіп, өңірдегі өндірістік инвестжобалардың іске асырылуын, «Өнімділік - 2020» және «Жол картасы» бағдарламаларының жүзеге асырылуы барысын талқылайтын болады.
Бұдан бөлек, сапар барысында жергілікті қамтуға қатысты мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында өңірдегі барлық жер қойнауын пайдаланушылармен кездесулер өтетіні жоспарлануда. Бұл ретте министрлік жер қойнауын пайдалану саласында қызмет ететін барлық компанияларды назардан тыс қалдырмай, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізуді қолға алатын болады.
Сонымен қатар, маңызды мәселелердің бірі бір жағынан жергілікті өндірушілерді, екінші жағынан отандық және шетелдік тапсырыс берушілерді қатыстыру арқылы жүзеге асатын жобаларда қазақстандық қамтуды дамытуды талқылау көзделеді.
Мәліметке сүйенсек, Жамбыл облысында сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамтудың үлесі айтарлықтай өсіп келеді. Егер 2010 жылы бұл көрсеткіш тек 1,6 пайызға тең болса, 2011 жылдың қорытындылары бойынша көрсеткіш 3,3 пайызға жеткен. Аймақта экспортқа бағытталған жаңа химиялық өнім кәсіпорындарын ендіру нәтижесінде қазақстандық қамту үлесі анағұрлым артатыны болжанады. Ал бұндай жоғары технологияларға негізделген 15-ке тарта зауыт салу жоспарлануда. Бұдан басқа, бір жарым мың жұмыс орнын ашуды қарастыратындықтан, өңірде әлеуметтік тұрғыдан маңызды мәселелер де шешімін табатын болады.