Жамбыл облысында «Қазпошта» кассирі 4,7 млн. теңгені жымқырғаны үшін сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот Жамбыл облысында «Қазпоштаның» бұрынғы кассиріне 4,7 млн. теңгені иеленгені және жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

«Т. Рысқұлов атындағы аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігі, 2,3, тармақшасы, 385-бабы 2,3-бөлімдерінде көзделген қылмыс жасағаны үшін Б.А-ға қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады», - деп хабарлады Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі.

Сонымен, 2013-2015 жылдары айыпталушы әйел Рысқұлов ауданында «Қазпошта» АҚ оператор-кассирі болып жұмыс істеп жүргенде, жалған құжат жасап, 4 750 109 теңгені иеленіп, жұмсап жіберген.

Аудандық сот оны белгілі бір лауазымда 3 жыл жұмыс істеу құқығынан және 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін кесті.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар
telegram