Жамбыл облысында көк күмбезді мешіт бой көтерді

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылында орналасқан аудандық «Сұлтан» мешіті толықтай жөндеуден өткізіліп, қасиетті Құрбан айт мерекесінің қарсаңында құлшылық үйінің жаңартылған ғимаратын ел игілігіне тапсыру салтанатына арнайы шақырылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет келді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтынан.
None
None

«ҚМДБ» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы болып қайта тіркеуден өткен «Сұлтан» мешіті 2006 жылы ауданның құрметті азаматы Садықов Сәбит Сұлтанұлының қаржысымен тұрғызылған болатын. Бұл құлшылық үйі араға жылдар салып, мешіттің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жадыраевтың ұйымдастыруымен Құрбанов Иманғали, Сұлтан Жұмаділдәұлы, Еркін Жұмаділдәұлы, Садықов Сәбит қатарлы азаматтардың демеушілігімен күрделі жөндеу жүргізілді.

Рухани салтанатқа қатысқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр қажы Жұмабаев демеуші болған кәсіпкер азаматтарға өкілдіктің арнайы алғыс хаттарын табыс етті.

Сондай-ақ, шараға алыс-жақыннан құрметті азаматтар мен зиялы қауым өкілдері және аудан әкімі Марат Исмаилов, Қазақстан жазушалар одағының хатшысы жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев қатысты.

Аллаһ Тағаланың қалауымен, алдағы қасиетті Құрбан айт намазын жаңарған ғибадат үйінде өтейтініне сенімді болған жамағаттың қуаныштарында шек болмады.

Соңғы жаңалықтар