Жамбыл облысында күн батареялары шығарыла бастайды

ТАРАЗ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында күн батареяларын шығара бастау жоспарлануда,
None
None

деп хабарлады ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың қатысуымен өткен брифингте облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

«Шетелдік инвесторлар тобынан Жамбыл облысында қуатты бес мегаватттық тағы бір күн электр стансысын салу ұсынысы жасалды. Олар үшін бұл белгілі бір тәжірибе. Ал күн электр стансыларының құрылысынан кейін өзіміздің күн батареяларымыздың өндірісі бойынша зауытты салу жоспарлануда», - деп баяндады Қ.Бозымбаев.

«Жамбыл облысының тұрғындары олардың өңірлері елде бірінші болып «жасыл экономиканы», энергияның жаңартылатын көздерін енгізіп жатқанын мақтан етуі тиіс. Біз Қордай ауданында қуаттылығы 504 кВт-тық, алдағы уақытта жеті мегаватқа дейін жеткізілетін «Отар» күн электр стансысында, сондай-ақ қуаттылығы 1,5 мың кВт-тық, келешекте 20 мегаватт болатын жел электр стансысында болдық. Бұл Қазақстандағы алғашқы күн және жел электр стансылары. Және бұл басқа аймақтар үшін үлгі», - деп атап өтті Н.Қаппаров.

Еске салайық, Жамбыл облысында жұмыс сапарымен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров болды.

Соңғы жаңалықтар