Жамбыл облысында Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерттері басталды

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында еліміздегі шағын қалалардың әлеуметтік - экономикалық жағдайына ерекше
None
None

  

назар аудару керек екендігін атап өткен болатын.

Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отаным - бақыт мекенім» айдарымен шағын қалалардың тұрғындарының рухани сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың гастрольдік сапарларының жоспарын әзірледі.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Отаным - бақыт мекенім» жобасы мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұрғындарға Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы басты бағыттарды жеткізу, шағын қалаларда тұратын халықтың рухани сұраныстарын қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік өнер және әдебиет туындыларын насихаттау, тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында қолға алынып отыр.

Өткізілер іс-шараның маңыздылығы мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, «Отаным - бақыт мекенім» жобасына жетекші республикалық мәдениет ұйымдары тартылды. Олардың ішінде елімізге кең танымал әйгілі Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі бар.   Аталған оркестр «Отаным - бақыт мекенім» жобасы аясында 15-19 мамыр күндері Жамбыл облысында өнер көрсетуде. Оркестрдің бағдарламасына ең үздік шығармалар енгізілген.

Сондай-ақ гастрольдік сапарда оркестрмен қоса белгілі жазушы Мархабат Байғұт жүр. Мархабат Байғұт Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының басым бағыттарын, еліміздегі халықтың мүддесі үшін атқарылып жатқан игілікті істер жайлы, сондай-ақ өзінің шығармашылығы туралы салиқалы ойларын халыққа жеткізуде.

Гастрольдік сапардың өтетін орны мен мерзімі:

Жаңатас

Мәдениет үйі

16 мамыр, 19.00

Қаратау

Мәдениет үйі

17 мамыр, 19.00

Жуалы ауданы

Орталық алаң

18 мамыр, 19.00

район Мерке

Мәдениет үйі

19 мая, 19.00

Байланыс телефондары - 8 701 786 44 25 - Мүсіреп Еркебұлан Саламатұлы (Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің директоры); 8 701 736 94 53 - Сәуле Жанпейісова (Жамбыл облыстық филармониясының директоры).

Соңғы жаңалықтар