Жамбыл облысында құрылыста ер адам қаза тапты, кеніште үңгуші жарақаттанды

ТАРАЗ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында бір күнде екі оқыс оқиға орын алған. Құрылысы жүріп жатқан нысанда ер адам ажал құшып, кеніште үңгуші жарақаттанды,
None
None

деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Тараз қаласында бой көтеріп жатқан полиэтилен зауытында 43 жастағы ер адам 3 метрлік биіктіктен құлады. Жұмысшыны жедел жәрдем қызметі бірінші қалалық емхананың жансақтау бөліміне жеткізген. Алайда зардап шегуші алған жарақаттардан көз жұмды. Бұл жағдайға байланысты тергеу жұмыстары қолға алынған.

Ал Ақбақай және Мойынқұм аудандарындағы алтын өндірілетін кеніште бұрғылау кезінде тастың бір бөлігі опырылып құлап, үңгушінің арқасына тиген. Салдарынан 39 жастағы ер адам жарақаттанып, Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Бұл оқиға бойынша да тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар