17:46, 30 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Жамбыл облысында күшті дауылдың салдарынан 20 ауыл жарықсыз қалды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы аумағында халық шаруашылығына зиян келтіретін дауыл жиілеп кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өткен тәулікте Жамбыл ауданында батыстан соққан 25-30 м/с (екпіні 35 м/с-қа дейін) электр беру желілерін үзді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.
«Алты ауылдық округте 21 елді мекен жарықсыз қалды. Қарасаз, Күреңбел, Боралдай, Жеті төбе, Қошқар ата және Б. Момышұлы ауданының орталығы. Барлығы 3 200-ге жуық абонент зардап шекті. Денсаулық сақтау нысандары автономиялық режімде жұмыс істеуде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Бүгін «ЖЭС» ЖШС қызметкерлері (10 адам, 3 бірлік техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, Жуалы ауданында электр толықтай қалпына келді.