Жамбыл облысында мал шаруашылығы бойынша ҮИИД-дың болашағы мол жобасы іске қосылды

None
None
РАЗ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тұрар Рысқұлов ауданында үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында 30 мың басқа арналған шошқа өсіру кешені іске қосылды.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында хабарлады.

3,4 млрд. теңге тұратын және 150 жұмыс орнын құрайтын жобаны «Луговой жылқы зауыты» ЖШС жүзеге асыруда.

Жаңа технологияларды қолдану арқылы салынған және заманауи техникамен қамтылған кешеннің өндірістік қуаттылығы - жылына 2,5 мың тонна шошқа еті. Өнім малдың бағылуынан сойылғанына дейін мұқият ветеринарлық бақылаудан өтеді.

Дайын өнімді сату нарығы Қазақстанда да, таяу шетелде де жүзеге асырылады.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сендіргендей, бұл жоба - Жамбыл облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі.

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і - тек Жамбыл облысында емес, республикадағы ең ірі ақалтекелік және ағылшын тұқымды жүйрік аттарды өсіретін асыл тұқымды репродуктор-зауыттың бірі болып табылады. Шаруашылықтың соңғы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін азықтық базасы бар.

Бұл жерде бидай, ірі қара мал өсіріледі, сондай-ақ қызметкерлердің өздерінің үйлері, мектебі, медициналық пункті орналасқан Көгершін шағын ауылының инфрақұрылымы дамытылып келеді.

Соңғы жаңалықтар