Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы 41,4 мың теңгені құрады
Облыс әкімдігінде аймақта тұрғындардың баспанаға қажеттілігін қамтамасыз етіп, 2020 жылға қарай 2,8 млн. астам шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындаудың барлық алғышарттары бар екеніне сендірді. 2010 жылдан бері Жамбыл облысында тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары қайта орындалды - 2012-2014 жылдар арасында ғана шамамен 670 мың шаршы метр баспана тапсырылды.
Облыс әкімдігіндегі статистика департаментінің мәліметтерінше, 2014 жылдың 11 айының ішінде 1377 жаңа тұрғын ғимараттарының құрылысы аяқталып, баспананың 222,8 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, соның ішінде 192,9 мың шаршы метрі жеке салушыларға тапсырылған. Мемлекеттік бюджет есебінен ипотекалық несиелендіру жүйесі бойынша іске асыру үшін ауданы 10 мың шаршы метр болған 97 пәтер мен жалпы ауданы 19,9 мың шаршы метрді құраған 270 арендалық-коммуналдық пәтер енгізілді. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларына қарай енгізілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 104 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысына 10,29 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға көп. Бір шаршы метр құрылыстың орташа құны 41,4 мың теңгені құраған. Құрылыс, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рахманқұл Байтелиевтің айтуынша, «Қолжетімді баспана» бағдарламасының іске асырылу сәтінен бастап «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» желісі бойынша 1,7 млрд. теңге бөлініп, 11, 4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Құрылыс ведомствосының басшысы Р.Байтелиев бұл саладағы проблемалардың бірі ретінде жобалық-сметалық құжаттаманың, әсіресе, жеке тұрғын үй құрылысы учаскелерінде инженерлік желілерді салу мерзімдерінің ұзаққа созылуын атады. Бүгінде Жамбыл облысында тұрғын үйді алу кезегінде 12 мыңнан астам адам тұр, соның ішінде оның 8 мыңы - Тараз қаласынан. Жер учаскелерін алу кезегінде облыстың 84 мың адамы тұр, соның ішінде 60 мың адам - Тараздан, деп атап өтті ол. Облыстық статистика департаментінің мәліметтерінше, 2014 жылдың 1 желтоқсанында Жамбыл облысы тұрғындарының саны 1,097 млн. адамды құрады.