Жамбыл облысында мемлекеттік қызметшінің орнына басқа біреу тестілеуден өтпек болған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында мемлекеттік қызметші басқа біреудің орнына тестілеуден өтпек болған, деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінде.

«Басқа біреудің кіргені өңірлік тестілеу залында анықталды, - деді ведомство баспасөз қызметінен - Кандидаттар әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға тестілеуден өтті. Азамат Б. мен азамат Н. компьютерге өздерінің ЖБН ауыстырып енгізу арқылы тестілеуден өтуге тырысқан. Алайда әкімші заңсыз әрекетті бірден байқап, ереже бұзылғаны туралы акті жасады, олар залдан шығарылып жіберді». Заң бұзушылар ОҚО тұрғындары болып шықты. Олардың бірі қазіргі уақытта жұмыссыз Б. бұдан бұрын Түркістан қаласы әкімі аппаратында бөлім басшысы болған, ол ауылдық әкімдіктің бас маманы лауазымындағы мемлекеттік қызметші Н.-ның орнына тест тапсыруға кірген. Жамбылдық департамент қызметкерлері Түркістан қаласы әкімінің атына аталмыш тұлғаларға қатысты тиісті шара қабылдау өтінішімен хат жіберді. Жыл басынан бері 1 064 адам тестілеуден өткен, олардың 370-і шекті деңгейден жоғары балл алған, ал 684-і өтпей қалған. Ереже бұзған 4 жағдай тіркелген.

Соңғы жаңалықтар
telegram