Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алу кезінде 36 млн теңге шығын болған
«2016 жылы басқарма 208 қылмыстық іс тергеді. Оның 186-сы аяқталды, - деп хабарлады тергеу бөлімінің басшысы Бақытжан Бегенов.
«Мемлекеттік сатып алу саласында - 71, квазимемлекеттік секторда - 56, ұлттық компаниялар бойынша - 7 заң бұзушылық тіркелді»,-деді ол.
Мемлекеттік сатып алу кезінде бюджеттік қаражатты жымқыру саласы бойынша басқарма өндірісінде 71 іс болды. Оның 61-і аяқталды. Сотқа 40-ы жіберілді. Шығын 36,1 млн теңгені құрады. 6,4 млн теңгенің орны толтырылды. Бұдан басқа, бір қылмыстық іс бойынша 233 млн теңгеге мүлікке тоқтам салынды, ол сот үкімімен мемлекет кірісіне аударылды.
Бегеновтің айтуынша, дизель отынын жалған есептен шығара отырып, 147 млн теңгеге мүлікті қолды еткен «Локомотив» АҚ филиалы - «Шу эксплуатациялық локомотивтік депо» қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тергелді. Кінәліге сот үкімі шықты.
Басқарма өндірісінде Тараздағы жылу жолын сапасыз жөндеу фактісі бойынша заңды тұлға басшылығына қатысты іс бар. Соталды тергеу жүріп жатыр. Спикер «Қазпочта» АҚ қызметкерлері тарапынан бюджеттік қаражатты жымқыру жиі орын алатынын атап өтті.
«2016-2017 жылдары Жамбыл облысында 41,5 млн теңгеге құрылыс нысандары бойынша 332 мемлекеттік сатып алу конкурсы өтті. Қазір 80 нысан аяқталып, пайдалануға берілді, 2017 жылы жалпы құны 21,2 млрд теңгеге 52 нысан құрылысын аяқтау жоспарлануда», деп атап өтті спикер.