Жамбыл облысында микроавтобус жанып кетті

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Батыс Еуропа-Батыс Қытай республикалық тас жолының 447 шақырымында Жамбыл облысы Алғабас ауылы маңында Алматыға кетіп бара жатқан «Mercedes-Benz Sprinter» жолаушы тасымалдаушы көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, Т.Рысқұлов ауданының Төтенше жағдай бөлімі, Жедел жәрдем қызметі және Жамбыл облыстық Полиция департаменті ППБ қызметкерлері барып алғашқы көмек көрсеткен. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Жаңа Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиға 3 тамыз күні сағат 11:30-да болған.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор шығарылған.

Салдарынан 1991 жылы туған екі азамат Орманов Д.Ж. және 1997 жылы туған Қалдыбай Ш.Е. зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында тұрғын үйде өрт болып, 50-ден астам адам құтқарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Оқиға орнына Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетіп, баспалдақ арқылы 50 адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшірді. Оның 20-сы - бала.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері мен психологтері аталған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына психологиялық көмек көрсетті.

«Өрт сағат 12.44-те оқшауланып, сағат 12.47-де жойылды. Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері мен 7 бірлік техника жұмылдырылды», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар
telegram