Жамбыл облысында өртке қарсы күрес қызметінің 615 қызметкері аттестаттаудан өтеді

ТАРАЗ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында өртке қарсы күрес қызметі органдарындағы офицерлік құрамның 209 қызметкері және сержанттық құрамдағы 406 қызметкер кезектен тыс аттестаттаудан өтуге тиісті.
None
None

Бұл туралы аймықтың ТЖД-нен хабарлады.

ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы, өртке қарсы күрес қызметінің полковнигі Мұрат Келесовтың айтуынша, аттестаттаудан өткізу кезінде ТЖД жұмыскерлерінің қызметіне, олардың жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына баға беріледі, кәсіби және жеке ерекшеліктерінің бағасына үлкен назар аударылады.

Аттестаттауға Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша компьютерлік тестілеу, денешынықтыру және қызметтік дайындық бойынша анықталған нормативтерді тапсыру, психологиялық тұрақтылық бойынша әңгімелесу кіреді.  

«ТЖД-нің өртке қарсы күрес қызметкерлерінің алдында қашықтыққа жүгіру, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, оқу мұнарасының төртінші қабатындағы терезеге шабуыл баспалдағымен көтерілу, тартылу, алты шақырымдық жедел марш және тағы басқа нормативтерді тапсыру міндеті тұр», - деп түсіндірді М.Келесов.

Соңғы жаңалықтар