Жамбыл облысында өткір тыныс жолдары ауруының асқынуынан 3 адам қайтыс болды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат. /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында тыныс жолдарының жіті вирустық инфекциясымен (ТЖВИ) ауырғандардың саны өсіп отыр.
None
None

 Дегенмен, тұмау, оның ішінде «доңыз тұмауы» тіркелген жоқ. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің өкілдері хабарлады.

«Қазан айының басынан қарашаның 25-іне дейін ТЖВИ-ның 5655 (өткен жылы осындай кезеңде 5436) оқиғасы тіркелді, деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Салтанат Омарбекова. -«Жедел жәрдем»  шақырудың саны екі есеге жуық өсті, ТЖВИ-мен, асқынған өкпе қабынуымен 31 науқас ауруханаға жатқызылды. Оның 33-і балалар».

Мемлекеттік санэпидқадағалау» департаменті директорының орынбасары Гуля Мырзабекованың пікірінше, биылғы эпидемиялық маусымға қатысты бұл дүрлігу, ең біріншіден, бүкіл әлемге тараған «доңыз тұмауы» пандемиясы туралы ақпараттан туып отыр. «Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі біздің елімізде А/Н1N1 тұмауы вирусының таралуына жол бермеу жөнінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруда", деді ол. - Біздің облыстан биыл 53 адам қажылыққа аттанды. Олардың барлығы да қажетті егу шараларынан өтті. Қайтып келген соң 7 күн бойы олар дәрігерлердің бақылауында болады.

«Биыл ТЖВИ-нан 3 адамның қайтыс болуы оқиғасы тіркелді. Олар ауырған кезде жатып емделмей, ТЖВИ науқасы өкпе қабынуына ұласып кеткен. Сонымен қатар, олардың иммунитеті төмендеп, оның үстіне дәрігерлерге кеш қаралған», деді С. Омарбекова.

Соңғы жаңалықтар
Референдум