Жамбыл облысында прокуратура 2,4 мың азаматқа 82,63 млн. теңге жалақы алашағын өндіріп берді

баспасөз қызметінен.
«Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана сомасы 82,63 миллион теңгені құраған жалақы бойынша қарыз өтелді. Бұл ретте 63 айыпты адам жауапкершілікке тартылды, 117 заң түсіндірулері берілді, наразылықтар бойынша 26 заңсыз актілер күшін жойды», - деп нақтылады облыстық прокуратурадан.
Осылайша, «Құрылыс Бәйтерек Сервис» ЖШС өзінің 15 жұмысшысы алдында 720 мың теңгені құраған жалақы бойынша қарызын толық өтеді. «Қордай цемент зауыты» ЖШС өз жұмыскерлеріне қарыздарын жарым-жартылай төледі (5,9 млн. теңге), қалған қарызы 9,15 млн. теңгені құрайды.
Сондай-ақ аудандық прокурордың ұсынуы бойынша 1,4 млн. теңгені құраған қарызын «Байзақтеплокоммуналсервис» МКК және 7,09 млн. теңгені құраған қарызын «Төлеби көп салалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» МКК толық өтеді, деп хабарлады ведомстводан.