Жамбыл облысында салынып жатқан шикі мұнай өңдеу зауытында құрал-жабдықтарды құрастыру басталды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Асы ауылында салынып жатқан шикі мұнай өңдеу зауытында құрал-жабдықтарды құрастыру басталды.
None
None

«Шикі мұнай өңдеу зауытының жобасын іске асыруды «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС жүзеге асыруда, - деді Жамбыл ауданының әкімі Махамбет Дүйсебаев.- Кәсіпорынның жобалық құны - жылына 200 мың тонна мұнай өнімдері, жобаның жалпы құны - 1,62 млрд. теңге».

Келешекте зауытта тәулігіне АИ-80 маркалы бензинді - жүз тоннаға дейін, керосинді - 60 тоннаға дейін, дизель отынын - 120 тоннаға дейін, мазутты 270 тоннаға дейін шығару жоспарланған.

Қазіргі уақытта, құрылыс жүргізіліп жатқан сәтте, мұнда жергілікті кадрлардың ішінен 44 жұмысшы еңбек етуде, пайдалану кезеңінде 100 жұмыс орыны құрылатын болады.

Соңғы жаңалықтар