19:43, 16 Шілде 2015 | GMT +5
Жамбыл облысында Сарысу ауданының әкімі тағайындалды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімнің өкімімен Сарысу ауданының әкімі болып Бейбітбек Жайлыбаев тағайындалды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
44 жастағы Б.Жайлыбаевтің жоғары білімі бар, 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1997 жылы Рысқұлов ауданында «Ақбұлақ» АҚ-ында зоотехник-селекционер болып бастады. 1999 жылдан бастап Рысқұлов ауданының әкімдігінде, комитетінде, басқармада ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2012-2015 жылдары Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары болды. 2015 жылғы мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.