Жамбыл облысында саяси партиялардың арасында меморандумға қол қойылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Нұр Отан» партиясының жамбылдық филиалы үкіметтік емес ұйымдардың,
None
None
кәсіподақтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, Жамбыл облысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ісіне ұйытқы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Дөңгелек үстел» басында дағдарыс салдарын жұмсартуға бағытталған тұрақтандырушы шаралар бағдарламасын талқылау барысында, түрлі саяси партиялардың өкілдері, дағдарыстың мәңгілік емес екенін, оның салдарын бірлесіп еңсеру керектігін айтты. «Бүгінде бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң бақылау қажет, шағын және орта бизнесті дамытуға, өңдеуші кәсіпорындарға демеу көрсетуге жағдай туғызу керек, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу де басты шарттардың бірі», - дейді «Ауыл» партиясының өкілі Сағынхан Әміреқұлов. Саяси партиялардың өкілдері қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумдағы негізгі мақсаттар - аймақтағы қоғамдық-саяси орнықтылықты сақтау, «диалог алаңдарының көмегімен өзекті әлеуметтік проблемаларды шешу, ұлтаралық, дінаралық, әлеуметаралық жанжалдардың туындауына жол бермеу болып табылады.
Соңғы жаңалықтар